ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

САЙЛАУ-2019

15:30, 9 маусым 2019

Сонымен, бүгін – сайлау. Кандидаттардың ішінен алғаш болып дауыс берген Жамбыл Ахметбеков.Сондай-ақ, басқа да сайлау учаскелерінде дауыс беру қыза түскен.Мемлекет басшысы, президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астана опера театрында орналасқан 115-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Президент төлқұжатын көрсетіп, кабнинаға кіріп өз таңдауын жасады. Аталған сайлау учаскесінде екі жарым мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Мемлекет басшысы дауыс беріп болған соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен тілдесті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау науқаны барлық демократиялық қағидалар мен халықаралық стандарттарға сай өткенін айтты.Елордадағы нөмірі 58 ші сайлау учачкесіне Сенат спикері Дариға Назарбаева барып, дауыс берді. Онда өз таңдауын жасауға келген сайлаушылардың легі көп. Мұнда тізім бойынша 3417 адам дауыс береді деп күтілуде.Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары сайлауда ерекше белсенді. Номері 52 сайлау учаскесінің жұмысы да қызу. Таңдауын жасауға асыққан сайлаушылардың бірі таңғы сағат 6.30 (алты жарымнан) келген. Жалпы бұл учаскеге 4661 сайлаушы тіркелген. Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбеков осы 52-ші учаскеге келіп, дауыс берді. Сайлауға отбасымен келген үміткер үшін бүгін қос мереке: немересі 9 маусым күні 9-ға толып отыр. Төлеутай Рахымбеков барлық оппоненттеріне сәттілік тіледі.Қазақстан Республикасы президенттiгiне үмiткерлер ɵз учаскелерiне барып, дауыс берiп жатыр

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін сатып алады
13:46, 15 тамыз 2019
Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін...
Толығырақ...