ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ Толығырақ

САХНАДАН ТЫС ӨМІР

13:32, 9 қаңтар 2019

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры артістері 2019 жылы көрерменге жол тартатын көптеген қойылымдар дайындады. Мельпомена әлемінің ғажайып сиқыры несімен жастарды өзіне тартады? Сахнадан тыс өмір қандай деген сауалдарға театр актерлері жауап берді. Театрдың құпия, өзіндік сырға толы әлемі өзіне баурап, жұртшылықтың жиналуына себепкер. Қызығы мен шыжығына толы өмірі небір сыншылардың сын садағына оңай ілінеді. Жорта істеуші актер дегеніміз кім? Ол қалай өмір сүреді, неден шабыт алады? Театр өнерінің кинодан айырмашылығы қандай? Бұл сауалдар жауабын алу үшін театрға барып, «Чарлейдің әпкесі» қойылымының дайындығына қатыстық. Сонымен қоса, өз кейіпкерінің жан дүниесін шебер ойнаған жас актриса Юлия Волобуевамен тілдестік. Сөз арасында Юля Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсіріліміне қатысқан. Мұның өзі Юлия үшін бір жетістік. Көпшілікті әбігерге түсірген жаңажылдық қарбаластан кейін театрдың шығармашылық ұжымы жаңа қойылымдарды қою дайындығына қызу кірісіп кеткен. Аз уақыт ішінде көрермендерге қуаныш сыйламақ ойлары бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар