ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Сабантой» мерекесі

13:30, 10 маусым 2019

Өскемен этнографиялық саябағында этникалық татар халқы «Сабан той»  мерекесін атап өтті. Әдетте бұл мереке жыл сайын 26 мамырдан 14 шілдеге дейін тойланады.Концерт барысында ШҚО әкімінің орынбасары Асем Нүсіпова келген қонақтарға құттықтау сөзін арнады. Жиналаған халық түрлі концерттік бағдарламалар мен би ансамбльдерінің нөмірлерін тамашалады. "Сабан той" - татар тілінен аударғанда "соқаның мерекесі", егіншілік, жер ана - жерді қастерлеу деген мағына береді. Осыған орай ШҚО татар этномәдени бірлестігінің өкілдері, Қазан қаласынан келген этностар, Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары, қала тұрғындары мен қонақтары осы мерекені атап өтті.Екі жүз  жылдан астам бейбітшілік пен достықта, басқа халықтармен тату-тәтті өмір сүруге нәсіп еткен қазақ жері көптеген ұлттардың отанына айналғаны анық. Бұл мерекеге Шығыс Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен татар халқы асығады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар