
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды. «Қазавтожол»ЖШС ШҚОФ берген ақпаратына сүйенсек, «Омбы-Майқапшағай» тас жолының 756-906 шақырымындағы бөлігі таңғы сағат 8*30-дан бастап автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығынан Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданында сабақ тоқтатылды. Бірінші ауысымда оқитын барлық сыныптар үшін сабақ қашықтан өткізіледі. «Қазавтожол»ЖШС ШҚОФ ұсынған соңғы ақпаратқа сәйкес таңғы уақытта жабылған «Омбы-Майқапшағай» тас жолы автокөліктердің барлық түрлері үшін ашылды.