ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ЖАҢА ТАРИХ

12:48, 15 сәуір 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Онда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы туралы айтылады. ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттарды айқындап берді. Облыс орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жыл бойғы жұмысы қортындыланды. Мерекелік сипатта өткен кеңейтілген жиын барысында облыстық әкімдік тарапынан жемісті еңбек етіп, нәтижелі жұмыстарымен көзге түскендер мен қоғамдық бірлестік өкілдері марапатталды. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары ретінде өлкеміздің тарихи-мәдени даму үрдісіне көп еңбек еткен ғалым Қаныш Сәтбаевтың немересі мен әлемдік археологияға сенсациялық жаңалықтар әкелген археолог, профессорлар қатысты. Ресей федерациясының Барнауыл қаласынан 50-ге жуық студент келді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша облыстық сараптамалық топ жұмыс істейді. Топқа 27 адам мүше. Екі жыл ішінде сараптамалық кеңеске 15 жоба ұсынылып, 10-ына оң қорытынды жасалған. Жобалар ішінде киелі орындардың «инфовко» деген электоронды нұсқасы, «Бес ғасыр жырлайды» деген өңірде жинастырылған әдеби шығармалар топтамасы бар. Алдағы уақытта «Ұлы даланың алтыны» көрмесін Турция, Франция тәрізді шет мемлекеттерде өткізу жұмысы әлі де жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар