«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АЯСЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

21:27, 6 қыркүйек 2017

«Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды.

Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осыны көздейді. Ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті болуда Шығыс Қазақстан облысы қандай шараларды іске асырып отыр. Бұл жөнінде облыстық әкімдікте кеңінен талқыланды.

Елбасы барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін білдірді. Облыс орталығында ғалымдар мен мемлекеттік мекеме басшылары мақалада айтылған маңызды тұстарды іске асыруға белсене кірісіп кетті. Айталық, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында бірқатар тың жобалардың негізі қаланды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар