ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

21:38, 22 маусым 2018

Бір жыл бұрын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Оның аясында Қазақстанда көптеген мәдени және әлеуметтік жобалар жүзеге аса бастағаны белгілі. Облыстық Пушкин атындағы кітапханада бірқатар жобалар қолға алынған еді. Соның бірі деп, мына жаңалықты айтқан орынды. Абай мен Шәкәрімнің соңына қалдырған еңбектерін қайта жаңғыртып, жұртшылық назарына ұсынып отыр. Астана және Алматыдан табылған «Абай» журналының оқырман назарынан тыс қалған сандарынан көрме ұйымдастырылды.

ЗИЗА СІЛӘМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПУШКИН АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУ СЕКТОРЫ ЖЕТЕКШІСІ: 

«Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы аясында біздің кітапханада өте үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде айта кетсек, біз апта сайын үлкен үлкен шаралар өткіземіз. Соның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлының  160 жылдық мерейтойына арналған. Одан кейін мына халыққа өте қажетті «Абай» журналы шығуына байланысты жоғалып кеткен сандарын қайта тауып, Алматымен байланысып, Астанамен байланыса отырып, «Абай» журналының жоғалып кеткен сандарын тауып, оны халықтардың игілігіне ұсындық. Жалпы, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында біздегі жұмыстардың ең бастысы - біз жергілікті жердегі киелі орындарды халыққа насихаттап жатырмыз».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар