Рухани жаңғыру

17:52, 11 қазан 2017

Биылғы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық оқып шықты.

Қазір осыған байланысты көпшілік арасында, интернет беттерінде, әлеуметтік желілерде талқылау жүріп жатыр. Бұған дейін елімізде экономикалық жаңғыру сөзі жиі айтылатын, дәл осы мақалада Президент рухани жаңғыру арқылы сананы жаңғыртуға, білімді, бәсекеге қабілетті болуға үндейтін ойларын ашық айтты. Мақала сонысымен құнды,- дейді Өскемен қалалық кітапхана қызметкерлері. Бүгінде кітапханада мақаланың 6 бөлімінде айтылған маңызды қадамдарды қамтитын әдебиеттер қоры бар.  Көрмедегі әдебиеттермен танысуға жастар көп келеді. Сондай-ақ, кітапхана «100 есім», «Туған жер» бағдарамаларына сай жобаларды  қолға алды. Шығыс Қазақстанның аңыз-әңгімелері, батыр-билері, тарихи-мәдени ескерткіштері, көше атаулары, міне, осының барлығы көшпелі кітап көрмесі арқылы оқушыларға дәріптелуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...