ШҰҒЫЛ! Саябақтар ашылды Толығырақ

Рождество мейрамы

14:24, 8 қаңтар 2020

Өскемен тұрғындары Рождество мейрамын ауқымды әрі көңілді атап өтті. Мерекенің облыс орталығында қалай өткендігі жайлы тілшіміз әңгімелеп берсін. Рождество мерекесі қарсаңында православиелік христиандар рухани кеш өткізді. Діни дәстүр мен ырымдар Андреев кафедралық соборында кешкі сағат тоғыздан басталды. Келушілерге оған қоса ерекше тосынсый - ағаштан жасалған жаңа иконостас тарту етілді. Курск қаласының шеберлері мұны бір жыл бойы жасаған. Діни мерекемен аймақ басшысы Даниал Ахметов құттықтады. «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай да өскемендік православтарды Рождествомен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бұл күні жиылған жұрт Құдайға сиынып, әлемде тыныштық пен бейбітшілік болуын тіледі. Жиналғандар арасында жергілікті тұрғындарда бөлек, қала қонақтары да бар. 7 қаңтар күні қалада бірқатар мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында да үлкен шара өтті. Қалалықтар бірігіп ән салып, би билеп көңіл көтерді. Біреулер сауық құрса, өзгелері туған-туыстары мен жақындарына қолөнер шеберлерінен түрлі сыйлықтар сатып алды. Шараны ұйымдастырушы славян қоғамдық мәдени бірлестігі екенін айта кеткен жөн. Концерттік бағдарлама қызыққа толы. Сахнада шаһардың фольклорлық, би ұжымдары өнерлерін көрсетті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар