ШҰҒЫЛ! СІБІР ЖАРАСЫНАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ

17:27, 20 маусым 2018

Өскеменде робот техниканың көмегімен бірінші рет бүйрекке операция жасап, алп тастады.

Роботтандырылған хирургия орталығы қазір сәтті жұмыс істеп тұр. Орталық жұмысын бастаған екі жарым ай ішінде гинекология, урология мен хирургияда 40 жуық операция жасалды. Жылына 500 операция жасау жоспарда бар. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов бұл орталықтың мүмкіндіктері жоғары және ол болашақта облысқа ғана емес, өзге елдерге де кеңінен танылатындығына сенімді.

МАРАТ ШОРАНОВ, ШҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

«Италиялық әріптесіміз біздің дәрігерлердің білім деңгейі мен кәсібилігіне жоғары баға берді.  Өйткені, ол біздің мамандармен Германия мен Италияда тәжірибеден өткен кезде олармен бірге 10 күндей жұмыс істеген болатын.   Олар үнемі өзара  тілдесіп, бір-бірінен ақыл-кеңес алып отырады».

Бұл орталық облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен құрылды. Наурыз айында италиялық хирург Стевано Джидароның басшылығымен  алғаш рет өтті алып тастау үшін  роботтың көмегімен операция  жасалды. Содан кейін бүйректі алып тастау бойынша үш операция сәтті аяқталды.

СТЕФАНО ДЖИДАРО, ХИРУРГ (ИТАЛИЯ):

«Бірінші аптада жұмысты бастағанда осы роботтың көмегімен бірегей  операция  жасадық. Сосын мен еліме оралдым. Бүгін, міне, тағы да өскемендік әріптестеріммен біргемін және олар өздері осы роботтың көмегімен операцияны сәтті жасады. Бірінші нефроэктомияны. Олар өз жұмыстары жоғары деңгейде орындады. Әріптестрге ризамын».

Осындай операция  риддерлік 64 жастағы әйелге жасалды. Ол хәл үстінде жеткізілген болатын. Хирург Ринат Мұздыбаевқа  науқастың өмірін сақтап қалу үшін роботтанған құрылғы көмегі қажет болды.

РИНАТ МҰЗДЫБАЕВ, ХИРУРГ:

«Хирург бұл жұмыс қауіпсіз, біз не істейтінімізді алдын ала білуіміз керек. Сондықтан да бұл жүйе науқастар өміріне зиян келтірмейді. Бұл жүйенің тағы бір артықшылығы техникалық мүмкіндіктері жоғары және қиын оталарды жасауға болады».

Медицина саласындағы жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейе түспек. Көп ұзамай, Аягөз бен  Зырян аудандарында заман талабына сай жабдықталған инсульт орталығы іске қосылады.

 

САЛТАНАТ КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар