ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Риддер қаласының әлеуеті

14:13, 27 қараша 2019

Риддерде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Бұл өз кезегінде жергілікті жұрттың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына жол ашты. Биылдың өзінде 24 мыңнан аса қызмет көрсетіліп, сапа деңгейі 95 процентке жеткен. 2020 жылы Риддердегі шалғай ауылдарды сапалы кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ, жуырда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі де оң шешімін табуы ықтимал. Бұл туралы Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратов БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Инновациялық технология мен ІТ бағыттағы жұмыстарды жетілдіру Риддерде белсенді дамып келеді. Шаһар басшысының айтуынша, жоғары сынып оқушыларын электронды-сандық қолтаңба алу және электрондық үкімет порталымен жұмысқа баулу ісі қолға алынады. Жалпы риддерлік жастардың бағдарламалауға, робототехника мен 3D модельдеуге, startup жобаларды жүзеге асыруға құлшыныстары артып келеді. Риддер ауылдарын кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету келер жылдан бастап қолға алынды. 2020 жылы ең әуелі қала маңындағы Пригородный, Совхозный шағын аудандары ғаламтормен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Поперечное, Коноваловка, Ливино, Жоғарғы Хариузовка, Лениногор орман шаруашылығы және т.б. ауылдарды жобаға енгізуге өтініш берілді. Сондай-ақ, Риддерде қаланың қоқыс полигонының толымдылығын төрт есе азайтуға және оның өміршеңдігін ұзартуға мүмкіндік беретін бірегей жобаны іске асыру жоспарлануда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу цехы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында салынуда. Жомарт Мұратовтың айтуынша, жұмыс істеп тұрған алаң биылғы жылы жабылуы тиіс болатын. Алайда жергілікті кәсіпкер оны сенімді басқаруға алып, жобаға шамамен 300 млн. теңге қаражатын құйған. Сондай-ақ, 2020 жылы Филипповка өзені арқылы өтетін көпір, 600 орындық мектеп және жаңа аурухана құрылысы басталмақ. Аталмыш нысанда Риддер қаласының әр жерінде орналасқан барлық медициналық мекемелер шоғырланады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар