ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Республикалық чемпионат

15:28, 13 ақпан 2020

Бүгін «Ольга Рыпакова» атындағы жеңіл атлетика манежінде жасөспірімдер арасында өткізілген республикалық чемпионаттың ақтық мәресі аяқталды. Үздік деп танылған спортшылар марапатталып, жерлесіміз Арина Гладышева жаңа рекорд орнатты.

Өңірдегі жетекші спорт түрінің бірі жеңіл атлетика. Бүгінде бұл спорт түрінің көрсеткіштері қуантарлық. Оған дәлел 600 астам спортшы бақ сынаған ел біріншілігі. Жерлесіміз Арина Гладышева қарсыластарының арасынан үздік деп танылып  U16 дәрежесіндегі рекордты жаңартты. Жеңіл атлетикадан жасөсірімдер мен балалар арасында жерлестеріміз үздік деп танылылып, екінші-үшінші орынды Алматы, Қарағанды, Шымкент өңірлері  місе тұтты. Жарыстың тағы бір ерекше тұсы тұңғыш рет жеңіл атлетикада спортшының уақыт жылдамдығын анықтайтын Finish LYNYX автоматтандырылған жүйесі қолданылды. Ол спортшының фотосуреті мен қорытынды көрсеткішін экранға шығарады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар