ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ӘЗІРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

РЕЙД НӘТИЖЕСІ

17:30, 27 қараша 2020

Жыл сайын атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтардың көлемі артуда. Проблеманың бір себебі – қоғамдық көлік. Қала ішілік автобустардың жағдайы көптің көңілін көншітпейтіні белгілі. ШҚО экология департаменті рейдтік іс-шаралардың қорытындысын шығарды. Қыркүйектен қарашаға дейін департамент зертханасының мамандары мен полиция қызметкерлері жолаушылар көлігінің жайын бақылады. Көліктердің ауаға бөлетін газ көлемін өлшеу бойынша жүргізілген рейд барысында екі жүзге жуық автобуста зиянды заттардың нормативтері қалыпты жағдайдан асып түскені анықталды. Әсіресе, ПАЗ маркалы бірнеше автобустан ауаға бөлінетін зиянды қалдықтың мөлшері әдеттегіден көп. Жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, автобустар рейстен шығарылды. Мамандардың алдын ала есептеуі бойынша соңғы техникалық байқау сәтінен бастап газдың салдарынан келтірілген экологиялық залал шығыны шамамен 400 мың теңгеге жуық.

Тақырып бойынша материалдар

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН: ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯНДЫ МА?
17:32, 25 қаңтар 2021
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН: ПАЙДАЛЫ МА, ЗИЯНДЫ МА?
Толығырақ...
АЛТАЙДЫҢ БАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ
17:30, 25 қаңтар 2021
АЛТАЙДЫҢ БАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БАСЫМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
17:15, 19 қаңтар 2021
ОНЛАЙН-АЛАЯҚТАРДАН ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ
Толығырақ...
  «ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
13:38, 19 қаңтар 2021
«ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР
Толығырақ...
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
13:32, 20 қаңтар 2021
ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІНІҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...