ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Пушкин оқулары» байқауы өтті

13:30, 10 маусым 2019

 Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы тереңнен зерделеуді қажет етеді. Ұлы ақынның туғанына 220 жыл толуына байланысты ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Пушкин оқулары» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар классикалық туындылардан үзінділер орындады. Ал отандық танымал ақындардың  «Қазақстан туралы» өлеңдерін орыс тілінде жатқа айтты. «Пушкин мен Абай» тақырыбында презентация таныстырылды. Облыстық байқауға қатысушылардың жас шамасы 16-мен 25 аралығында.  Светлана Анфилофьева өзі сүйіп оқитын, өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын таңдапты. Қазылар алқасы үміткерлердің көркем мәтінді оқу шеберліктерін, дұрыс дыбыстау, дауыс ырғағы мен туынды таңдау, сахналық образдарын бағалады. Байқау қатысушыларының айтуынша осындай шығармашылық сайыстар рухани өсіп-жетілу тұрғысында берері мол. Дүниетанымды өрістетіп, әлемдік әдебиеттің көрнекі өкілдері туралы көбірек білуге зор мүмкіндік ашады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар