ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Профилактикалық рейд

13:30, 11 маусым 2019

Жаз маусымының басы құтқарушылардың сөзінше, облыс орталығында төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері үшін ең қызған шақ. Мәселен, түрлі алдын алу шараларына қарамастан, судағы өлім оқиғасы жылдан-жылға азаймай келеді. Суда жүзу кезінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін Өскемен қалалық ТЖБ  жаңа демалыс зонасы - «Самал» паркінде рейд өткізді. Оның барысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары жазылған парақтар таратты. Атап өтейік, мұндай рейдтерді құтқарушылар жиі ұйымдастырады. Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, қаладағы суға түсетін қауіпті орындар - «Урал» және «Колос» саяжай қоғамдастығы аудандарының маңы, сол жағалаудағы Ертіс жағалауы, айналмалы шоссе маңы,  орман шаруашылығы, Өскемен су электр станциясы маңы мен Карбышев көшесі бойындағы, Согра кенті ауданындағы жағажайлар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар