ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

13:36, 26 наурыз 2020

Бүгін президент Қасым-Жомар Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды. Ондағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен.

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина жасау жұмыстарын бастап кетті. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың жұмысымен танысып, биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалады.Өкінішке қарай, түрлі желіде түрлі теріс ақпар тарап жатыр. Бірақ, бұл дүрбелеңнің дүлей дауылын тұрғызуға сеп емес. Салғырттықтың ізін шолып жүрген вирус – тап сол дүрбелеңде күш алады. Осыны ескерткен президент карантин талаптарын сақтап, үрейге бой алдымау керектігін айтты. Вирус жұққанымен, жыққан жоқ. Президент індеттің ілмегіне ілінген азаматтарға барынша қамқорлық көрсетілетінін жеткізді. Президент орталық жұмысымен танысу барысында індетке қарсы елде атқарылып жатқан шараларға тағы бір тоқталды.Бұған дейін отандық ғылыми орталықтар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына да қарсы вакциналар әзірлеген. Олардың кейбірі шетелге дейін сатылған.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...