ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

Президент сапары жалғасуда

23:21, 17 қаңтар 2018

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды. Елбасы Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оң баға беріп, Теңіз және Қашаған кен орындарындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты.  Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнімді қайта өңдеу ісінде инвесторлардың күш-қуатын арттыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті еліміздегі жасыл энергетиканы дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде әңгімелеп, Рик Перриді төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы хабардар етті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар