ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА? Толығырақ

ПОСТЕРМИНАЛДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

14:13, 3 қараша 2020

Қоғамда банк карталары арқылы төлем жасауға жаппай бетбұрыс бар. Кәсіпкерлер де өздерінің сауда орындарында постерминалдар орнатуда. Соңғы тоғыз айда Шығыс Қазақстан бойынша сауда орындарындағы постерминалдардың саны 11 мыңға артқан. Ал жалпы еліміз бойынша мұндай құрылғы пайдаланудан бесінші орындамыз. Постерминал тұрғындар үшін өте қолайлы, ал кәсіпкерлер үшін үнемді әрі тұтынушылардың санын арттырады. Мұнымен қоса табысын ұлғайтуға да сеп. Ал телекоммуникация желілері мен ашық нарықта, яғни ет, сүт өнімдерін саудалайтын кәсіпкерлерге және жекеменшік ауылшаруашылық өнімдерін сататын азаматтар постерминал қоюға міндетті емес. Ал карта арқылы төлем жасаудан бас тартқан постерминалы жоқ сауда орындары заңмен жауапкершілікке тартылады. Ескерту беріліп, егер талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынады. Шағын бизнес субьектілеріне 40 айлық есептік көрсеткіш, ал орта кәсіпкерлік субьектілеріне 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал ірі кәсіп иелеріне 80 мен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген.  Ал тұрғындардың пікірінше төлем карталары арқылы сауда жасау өте ыңғайлы. Қазіргідей карантин кезінде мұның пайдасы үлкен дейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар