ШҰҒЫЛ! Салыққа салғырт қарамаңыз Толығырақ

Полиция кезекшілігі

13:51, 7 қараша 2019

Өскеменде 11 айда 12 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары сөзінше, соңғы жылдары жаяу жүргіншілер қатысуымен болатын өлім жағдайлары жиілеп кеткен. Мұндай қайғылы оқиғалар санын азайту  мақсатында Өскеменде «Жаяу жүргіншілер өтпелі. Мас жүргізуші» жедел алдын алу  шарасы өтті. Полицейлер Өскемендегі қауіпті аумақтарға кезекшілікке шықты. Олар Гагарин бульвары, Добролюбов көшесі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы. Жол жүру ережесі негізінен, дәл осы аумақтарда сақталмайды. Өйткені, тұрғындардың көбі «Жаяу жүргіншінікі әрқашан дұрыс» деген қағидатпен жолдан өтеді. Жол жүру ережесін жаяу жүргіншіні өткізбейтін жүргізушілер де елеп жатқан жоқ. Жыл басынан 1700-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ, осы уақытта 2000-нан астам мас күйінде көлік басқарған азамат жауапқа тартылды. Бұл жай ғана сандар дерсіз, алайда полиция мәліметі жан түршіктіреді. Биыл жаяу жүргіншілер қатысуымен 116 жол көлік оқиғасы тіркелді. Олардың 110-ы жарақаттанса, 8-і көз жұмды. Полицейлер өз кезегінде жаяу жүргіншілерден ғана емес, жүргізушілерден де абай болуды сұрайды. Себебі көбісі жол белгілеріне қарамайды. Мысалы, мына БМВ автокөлігінің жүргізушісі сияқты. Аумақты полиция қызметкерлерінің патрульдеуіне қарамастан, «Оңға бұрылу» белгісінің тұрғанына назар аудармастан, солға бұрылды. Жақын маңда камералар да тұр. Міне, тағы бір заң бұзушы. Қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесуде. Бұл азамат өз кінәсін мойындаудан бас тартты, сондай-ақ, жүргізуші куәлігі де жанында емес. Сол себепті жүргізушіге электронды хаттама толтырылды. Полицейлердің айтуынша қаладағы апаттық жағдайларды төмендету үшін жаңа бағдаршамдар, жарықтандыру мен дыбыстық сызықтар орнатуда. Сонымен қатар, биыл ең қауіпті 20 жаяу жүргіншілер жолына жанатын, заманауи белгілер қойылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар