ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПОЛИЦЕЙДІҢ БІР КҮНІ

14:15, 23 қыркүйек 2020

Тәртіп сақшылары десе көптің көз алдына заң бұзушыларды ұстап, қылмыс бетін ашқан мамандар елестейді. Олардың ерен ерлігі сөзсіз ескерілу керек. Дегенмен, қоғам кейде тәртіп пен тыныштық күзетшілері еңбегін елемей кететіні рас. Полиция лейтенанты Нұржан Тоқтаровтың жұмысы бекітілген учаскесін аралаудан басталады. Бірнеше пәтерге кіріп, тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, көмек беру қажет. Әсіресе, арнайы есепте тұрған жанұялардың жағдайымен танысып, тексеріс жүргізеді. Кейін жұмыс кабинетіне оралып азаматтардан түскен қалың құжаттарды қарап, мәселелерін шешеді. Бүгінде ел бойынша «Учаске» жедел алдын алу шарасы өтуде. Таңертеңнен бастап кешкі уақытқа дейін учаскелік инспекторлар бекітілген үйлер мен пәтерлерді аралайды. Түрлі жағдайлар да орын алатынын жоққа шығармайды. Әсіресе, әлеуметтік осал топтар санатындағылармен жұмыс істеу оңайға соқпайтынын айтады. Бірақ мұның барлығы жұмыс барысы. «Адамдар полиция жұмысын жиі сынайды, ал қиын жағдайға тап бола қалса тәртіп сақшыларына көмекке жүгінеді» дейді Нұржан Тоқтаров. Себебі учаскелік инспектор сеніп тапсырылған аумақтың тұрғындарымен, жағдайымен жақсы таныс. Полицейдің басты қаруы мен күші заң. Дегенмен жүктелген міндеттерді абыроймен орындау үшін жауапкершілік пен адалдық, мол еңбек керек.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА БОЛАДЫ
12:53, 27 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП АЛУҒА Б...
Толығырақ...