ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Пәтерлерде бүрге қаптады

13:56, 13 тамыз 2019

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінде бүргелер мен тышқандар қаптап кетті. Амурская, 18 көшесі бойындағы көпқабатты үйдің тұрғындары осындай шағыммен редакцияға хабарласты. Қала тұрғындары «шақырылмаған қонақтардың» бесінші қабатқа дейін жеткенін айтады. Тақырыпты әріптестерім жалғастырады.Евгения Ларионова бұл үйде бес жылдан бері тұрады. Амурская, 18 мекен жайындағы бес қабатты үй тұрғындарына соңғы жыл тіптен ауыр тиді. Пәтерлерде бүрге мен тышқандар қаптап кеткен. Кеміргіштер мен жәндіктер алғаш жертөледен шыға бастады дейді тұрғындар.Тұрғындардың үрейін алып тұрған тек паразиттер емес, балалар алаңы да алаңдатады. Бұл үйде 15 жылдан бері тұратын Зүбилә Кеншебаева немерелерін алаңнан аулақ ұстауға тырысады. Оның айтуынша, ескі нысандар кез-келген сәтте құлап, біреуді жазмыш етуі мүмкін.Үй тұрғындары пәтер иелері кооперативінен шара қолдануды сұраған. Дегенмен, ол жақта да тіл қатқан ешкім болмады.Жуықта тұрғындарға жертөледегі жылыту жүйлері құбырларының ауыстырылатыны туралы хабарланды. Ешкімді қалдырмай қаражат жинау керектігін ескерткен. Тұрғындар бұл жұмыстың есебі де тым асыра айтылғанын айтады.Пәтер иелері кооперативімен әңгімеге келе алмаған тұрғындар құзіретті органға шағым түсірді.Пәтер иелері кооперативі төрағасы жағдайға пікір білдіруден бас тартты. Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі шаралар қолданып, тексеру жұмыстары басталғанын айтады.Пәтер иелері кооперативі жұмысы бойынша бақылаушы орган мұндай қызмет атқарылмаса да, жарлық қағаз шығаратынын айтады. ПИК төрағасы қызметін орындамаса 100 АЕК дейін айыппұл тағылады. Қалалық тұрғын үй бөлімі басшысы мұндай қайшылықтардан ада болу үшін, тұрғындармен жиналып, өзге ПИК-не ауысуға немесе жаңадан құрылуға болатынын ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар