Педофилге қатысты сот үкімі шықты

21:22, 16 мамыр 2017

Зыряндық екі мектеп оқушысын өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты.

Сотталушы зорлық-зомбылық әректі және балаларды ұрлағаны үшін айыпталды.  Енді ол айуандық әрекеті үшін заңның қатаң талаптары бойынша өмірінің соңына дейін темір торға тоғытылды.

Еске сала кетейік, жұмыссыз жүрген Зырян ауданының тұрғыны Олег Яицкий 8 жасар Виктория Тойкенова мен 17 жасар Ксения Сидоринаны өлтіргені үшін айыпталды. Бастауыш сынып оқушысын ол мектептен үйге бара жатқанда жолдан ұрлап әкеткен. Қылмысты жасаған соң кішкентай қыздың денесін өртеп, бос тұрған үйдің жертөлесіне жасырады. Қылмысын мойындаған кезде педофил  Ксения Сидоринаны да өлтіргені туралы айтқан. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар