ШҰҒЫЛ! Төр – мұғалімдікі Толығырақ

Педагог мәртебесі

13:56, 9 қаңтар 2020

31 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі» туралы заңға қол қойған болатын. Бұл құжат Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. 21 баптан тұратын аталмыш заң жарты миллионнан аса ұстаздың мәртебесін арттыруға бағытталған. Заң жобасы  мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар  ұстаздардың жүктемесін азайтып, өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босатуды көздейді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң  мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіру, еңбек демалысын 42 күннен 56 күнге ұзарту, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шараларды қамтиды. 2020 жылы ұстаздардың жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде екі есеге арттыру көзделген. Айта кетейік, бұл өзгерістер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне де қатысты. Білім және ғылым министірінің сөзінше заң қаражат көзімен толық қамтылған. 2024 жылға дейін 5 триллион 3 миллиард теңге осы нормаларды жүзеге асыруға бағытталмақ. Ал материалды емес ынталандыру тетіктері аясында мұғалімдердің балалары  балабақшамен бірінші кезекте қамтылмақ. Сондай-ақ   өңір әкімдеріне бюджет мүмкіндігіне қарай мұғалімдерге материалдық көмек көрсету мәселесін өздігімен шешу мүмкіндігі берілді. Осы орайда жаңадан қабылданған заң турасында қала тұрғындарының пікіріне жүгінуді жөн көрдік. Мұғалімдердің этика мәселесіне тоқталар болсақ, әрбір білім беру мекемесінде әдеп кеңестері жұмыс істейтін болады.  Ұстаздардың мәртебесін арттыру заң жобасының басты мақсаты. Аталған бастаманы жүзеге асыру мақсатында мұғалімге әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар