ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

«ПАРКТЕР ШЕРУІ - 2019» АКЦИЯСЫ

12:56, 13 наурыз 2019

Қоршаған ортаны қорғап, айналаңа сүйіспеншілікпен қарауды барша жұрт білуі тиіс. Осыған мүдделі ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерлері жергілікті тұрғындардың экологиялық сауатын артыру жолында үздіксіз еңбектенуде. Табиғат алдындағы жауапкершілікті өскелең ұрпақ санасына ұялатуға ерекше мән беріледі. Риддердегі «Батыс Алтай» мемлекеттік табиғи қорығының музейінде 2019-жылғы «Парктер шеруі» акциясына жоспарланған кешенді іс-шаралар талқыланған үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Қорықтың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, орман шаруашылықтары, әкімшілік, білім ошақтарымен өзара байланыста жұмыс істеу барысы ортаға салынды. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғауға үндеп, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Түрлі шығармашылық, спорттық байқауларға мектеп оқушылары, студенттер қатысады. 2019-жылғы «Парктер шеруі» акциясының салтанатты ашылуы 18-наурызда өңірлік ерекше қорғалатын табиғи аумақ басшыларының басқосуы тұрғысында бірінші рет облыс орталығындағы балалар ауылында өтеді. Акция жұмысы 5-маусымда қорытындыланады. Көпшілік қауым белсенді түрде қатысатын көгалдандыру, айналаны тазалау, ағаш егу, кұс ұяларын жасау тәрізді тағы да басқа жұмыстар атқарылады. Табиғат музейінде балалар үздік шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылады. Әріптестік орнату бойынша ұсыныстар мен қатысу үшін ғылым, мониторинг, экологиялық ағарту және туризм бөліміне жүгіне аласыздар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...