ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ПАРА-ПАУЭРЛИФТИНГТЕН ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

12:21, 12 сәуір 2019

Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында пара-пауэрлифтингтен облыстық чемпионат өтті. Тірек-қимыл аппараты бұзылған және көзі нашар көретін азаматтар зілтемірді жатып көтеруден сайысқа түсті. Өңірде бұл спорт түрінің пайда болғанына ұзақ уақыт бола қоймаса да спортшылар қатары артып келеді. Жарысқа Өскемен, Семей, Алтай мен Риддер қалалары, Ұлан және Жарма аудандарынан барлығы 33 адам қатысты. Сайысқа қатысушылардың 5-уі - әйел, 28-і - ер-азамат. Солардың бірі - семейлік Амангелді Әлиев. Спортшы 80 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. 97 келі зілтемірді көтеріп, жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Өңірде пара-пауэрлифтинг пайда болғалы небары үш жыл болды. Осы уақыт ішінде аймақ спортшыларының көрсеткіштері жаман емес. Чемпионат қорытындысы бойынша түрлі салмақ дәрежесінде үшінші орынды 5 адам иеленсе, екінші орын 6 адамға бұйырды. Ал, жүлделі бірінші орынға 16 адам тұрақтады. Жалпы, бұл жарыс республикалық чемпионатқа іріктеу болатын. Үздіктер алдағы қыркүйек айындағы республикалық чемпионатта бақ сынайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...