ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА

13:56, 4 қыркүйек 2020

Бүгін ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандары бірлесе отырып, ақпараттық үгіт-насихат акциясын ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты аймақ тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда көмек алу үшін қайда барып көмек сұрау керектігін жеткізу. Акцияға «Жас Отан» жастар қанатының және «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің еріктілері атсалысты. Волонтерлер арнайы трафареттерді пайдаланып, «Сыбайлас жемқорлыққа жолыққан жағдайда 1424 нөміріне хабарласыңыз» деген жазбаны жазып қалдырды. «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бақыттың айтуынша, кез-келген адам сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық позиция таныту керек. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық фактісі жайлы колл-орталыққа хабарлаған адамға сыйақы тағайындалған.  Алайда, сыйақы азаматтар хабарлаған факті бойынша кінәлілер анықталып, соттың айыптау үкімі шықса ғана беріледі. Сыйақы мөлшері келтірілген шығын көлеміне қарай 10 млн теңгеге дейін берілуі мүмкін. 

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар