ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨЗГЕРГЕН ӨСКЕМЕН

14:06, 7 қыркүйек 2020

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар шаһардағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Естеріңізде болса, қалаға кіреберісте «Өскемен» деп жазылған архитектуралық композиция бой көтерген еді. Осы сияқты бірнеше нысан қаланың өзге де орындарына орнатылмақ. Қаланың тың келбеті үшін тың көзқарас. Облыс орталығына кіреберістегі әсем нысанның авторлары архитектуралық факультеттің түлектері. Анастасия Ермакова — «Өскемен» нысанын ойлап тапқан команданың мүшесі. Бойжеткеннің айтуынша, бұл жобаның жеңімпаздары атану олардың ойына да кірмеген, алайда, бірнеше ай ізденіс пен сан түрлі логотип нұсқаларынан соң осы бір жазуға тоқталған. Соңында комиссия мақұлданған. Дизайнерлік үлгідегі қала атауы маңында демалыс орны салынбақ. Кешкі уақытта жазу шамдармен жарықтандырылып тұрады. Көз алдында көркейіп келе жатқан 19-шағын аудан. Мұнда серуендеуге арналған орынның құрылысы жүргізілуде. Аллея 15 қыркүйекке дейін аяқталады деді мердігерлер. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» аясында бірқатар нысан жөндеуден өтуде. Қала басшысы әрқайсысын тексеріп, ұсыныстарын айтты. Өскемендегі 55 ауланы абаттандыру жұмысының 70% аяқталды. Суық түскенге дейін 19-шағын аудандағы құрылыс та толық бітпек. Қала әкімі Металлургтер мәдениет үйі ауданындағы жаяу жүргіншілер жолының құрылысымен танысты. Сондай-ақ  ғимараттардың сыртқы келбеті әрленуде. Қала көркін бұзады деп есептеген жарнамалар мен кондиционерлер кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкеркерлердің келісімімен алынып тасталуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар