ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ОЗЕРКИ АУЫЛЫН ЖАРЫҚТАНДЫРУ

14:12, 23 қыркүйек 2020

Озерки ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 67 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Айта кетерлігі, Озерки ауылының көшелерінде жарықтың жоқтығы туралы мәселе қала әкімінің халықпен кездесуінде көтерілген болатын. Бүгінде мәселе шешімін тапты. Сергей Юрченко Озерки ауылында тарих пәнінен сабақ береді. Ауыл тұрғынының айтуынша, ұзақ жылдар бойы көшеде жарық болмаған. Қазір мұнда 1500-ден астам адам тұрады. Ауыл көшелеріне жарық тартылатынын естігенде, олардың қуанышында шек болмады, дейді - ол. Барлық жұмыс уақытында жүзеге асырылуда. Қараша айында ауыл тұрғындары жарықтандырылған көшелермен жүреді деп жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар