ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

«Өз үйім, өлең төсегім»

15:06, 16 шілде 2019

Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстары жалғасын табуда. Бұл жолы Үржар ауданындағы 27 жанұя құтты қонысына қонды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй алып отырған жандар қуанышқа кенелді. Қоныс қамымен қарбаласқан жандардың бірі Гүлжанар Сәрбиева. Отағасымен бірге енді өз бау-бақшаларын гүлдендіретін болды. «Күміс алқа» таққан ана мұны көптен армандап келгенін айтады. Денсаулығының сыр бергеніне қарамастан күйеуі де еңбек етеді. Мақсат біреу - «қыстың қамын жаз ойлап» жерден жақсы өнім жинау. 13 жыл пәтерлерді сауғалаған жандар өз ауласы, бақшасы бар жер үйге қонды. Үлкен үйге бала жаны да үмітті. 11 жастағы Жанерке мектептегі үздік оқушылардың бірі. Ән айтып, би билейді. Үйінде бауыр-қарындастарына қарап, бірге ойын ойнайды.  «Балалы үй базар» дегендей, үлкен отбасы кең дастарханда бас қосты. Отбасы қамына ат салысқан қымбатты қонақтардың бірі Науалы ауылдық округі әкімдігінің қызметкері Айгүл Орақбаева.Үржар ауданындағы бұл берекелі іс мұнымен тоқтамайды. Биыл тағы 30 отбасының түтінін түзету жоспарланған. Ал ауданда үш мыңнан аса көпбалалы ана тіркелген.Айта кету керек, қысқа мерзім ішінде облысымызда 230 отбасы баспаналы болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін сатып алады
13:46, 15 тамыз 2019
Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін...
Толығырақ...