ШҰҒЫЛ! КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙЕДІ Толығырақ

ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

09:48, 9 қаңтар 2019

Шығыс Қазақстан облысы бойынша өткен жылы 2 миллионға жуық мемлекеттік қызмет ұсынылған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры айтып берді. 2018 жылы облыс орталығында 2 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 500-мыңнан астамын өскемендіктер Халыққа Қызмет көрсету орталығы арқылы өздігінен алған. Жалпы, Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 741 қызмет болса, оның 598-ін мемлекеттік корпорация ұсынады. 454 қызмет электронды түрде қолжетімді. Бұдан бөлек, Өскеменде бір жыл төңірегінде цифрлық Халыққа Қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Орталық толығымен автоматтандырылған. Бұл дегеніміз, азаматтар операторлардың көмегінсіз қажетті қызметтерді өздігінен алып, цифрлық сауаттарын арттыра алады.Биыл корпорация мұндай орталықты Семей қаласында да ашуды көздеп отыр. Ал, Өскеменде қосымша арнайы мамандандырылған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» іске қосылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар