ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Отбасылық байқау

14:11, 1 қараша 2019

Отбасы құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған «Шуақты шаңырақ» отбасылық байқауына он екі команда қатысты. Спорттық шарадан ешкім аянып қалмады. Ата-анасымен бірге еңбектеген бала да бақ сынады. Артем Тищенко спорттық эстафетада бақ сынауға келген отбасыларды жеребе тастау арқылы үш командаға бөлді.  Риддерлік оқушы кішкентайынан  спортқа жақын. Дене шынықтыру пәнінен үнемі «5» алатындығын мақтанышпен айтты. Командалар арасындағы ұйымшылдық пен бәсекелестік сайыс барысында сезілді. Аягөзден келген Әділбековтар отбасы спорттық эстафеталардың барлығынан сүрінбей өтетіндеріне сенімді.  Себебі, отағасы әскери салада еңбек етеді. «Шуақты шаңырақ» отбасылық байқауына қатысқан әр команда өзінше мықты. Эстафета барысында енді ғана еңбектеп жүрген сәбилер арасында да жарыс өтті.  Жас ана Салтанат қызымен бірге шашылған кубиктерді жинады. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Риддер, Жарма, Көкпекті және Ұлан аудандары отбасыларының құрама командасы иеленді. Әр отбасы 50000 теңге көлемінде жүлде алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар