
Күннің суытуына байланысты от жағу маусымы басталғалы 18 адам улы газбен уланып, бір адам қаза тапқан.
Өрт салдарынан 29 жан ажал құшты. Ал облыс аумағындағы су қоймаларында 52 кісі суға батып өлді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға көп көрсеткіш екен. От пен судан абай болуды ескерткен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері баспасөз мәслихатын өткізіп, тұрғындарға ескерту жасайтындарын жеткізді.