ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ КӨЛІК ЖАНЫП КЕТТІ

14:13, 4 қыркүйек 2020

Өскеменде автокөлік жанып кетті. Оқиға кеше Сәтбаев даңғылының бойында болған. Қызыл жалынның жалпы ауданы төрт  шаршы метр. Мазда - 323 маркалы көлікте қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, сондай-ақ салонның қаптамасы өртеніп кетті. Ең бастысы, көлік жүргізушісі дін аман. Жақын маңдағы көліктерге де зиян келмеген. Өскемен қаласының Төтенше Жағдайлар Басқармасы мамандары өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болды деген болжам жасады.  Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері облыс орталығында 35 көлік жанып кеткен.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар