ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕГІ ЗООБАҚ ЖАБЫЛА МА?

14:38, 3 қыркүйек 2020

Әлеуметтік желіде Өскеменнің зообағы біраз дақпырт тудырды. Желі қолданушылардың пікірінше аңдарға обал, жағдай жасалмаған.  Аң тұрмақ адамның өзі жанына сауға іздеген тұста әлеуметтік желіде төрт аяқтының мәселесі қылаң берді. Айтуларынша зоопарктегі аңдарға жағдай жасалмаған. Сөзден ою ойып, түйін түйгендер тіпті «Зоопарк жабылсын» деп шықты. Таң атпай, еш ескертусіз зообаққа жетіп бардық. Мақсатымыз - аңдардың хәлін біліп қайту. Қарбалас тірлік. Бірі сыпырғыш, бірі тамағын көтеріп жүгіріп жүрген жұмысшылар. Ерхат Ақатаевтың мұнда еңбек еткеніне 12 жыл. Күтетіні – аю. Маймақтың тамағын беріп, мекенін тазалап, қас қабағын бағады. Ал Майра Кубешева құстарды күтеді. «Аң мен құсты жақсы көрген адам ғана зообақта еңбек етеді» дейді ол. Зообақта 200-ге жуық аң-құс бар. Көбісі «Қызыл кітапқа» енген. Жыл сайын түрлері де, саны да артып келеді. Жыл сайын бөлінетін қаржы да қомақты. 15 миллион теңге. Екі аяқтылар дақпырт тудырып жатқанда, төрт аяқты бейғам тұр. Бірнеше уақыт тамағы, жем шөбі, тіпті витамині де бар берілетін. Ал «зоопарк жабылсын» деген пікірге мұнда келушілер өре түрегелді.  Тұрғындар тіпті зообақты дамытуға қор ашылса, қаржылай қолдау көрсетеміз дейді. Ал шетелдік талай зообақты аралап, тәжірибе алмасқан басшылық болса былай дейді: Зообақ мамандарының айтуынша болашақта Өскемендегі зообақ аумағы кеңиді.

   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар