ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Марал шаруашылығы өркендеп келеді

14:34, 17 шілде 2019

Катонқарағай ауданында марал шаруашылығы өркендеп келеді. Туристік әлеуеті зор, табиғаты көркем жерге келіп, марал мүйізінің сорпасына түсіп, пантымен емделетін жандар қатары жыл санап артуда. Әріптестерім ауданда 20 жыл бұрын құрылып, өзіндік тарихы қалыптасқан  шаруа қожалығының бірінде болып қайтты.Майра Бұқатаева шаруашылықтың негізін қалаған күйеуі марқұм Болаттың  марал мүйізін шетелге экспорттағанын айтады. Осылайша 5-6 жылдай жұмыс істеп жүріп жолдасы өз кәсібін ашу мақсатында бұрынғы кеңшар аумағына тиесілі болған біраз жер телімін  сатып алып, қоршапты. Алғашқы кезде 12 марал болды. Шаруа қожалығында бүгінде 300-ден астам бас бар. Екі жылда бір рет жергілікті және басқа аудандардағы шаруашылықтармен келіссөз жасасып, қан ауыстырып тұрады. Марал мүйізінен алынатын қан көптеген дертке шипа екені белгілі. Қазіргі уақытта емдеу орнына айналған жердегі шаруашылықты жүргізу әкелерінің ісін артында қалған екі ұлы жалғастыруда.Саналы ғұмырын марал шаруашылығына арнаған  мүйіз кесуші Алдаберген Тұрғамбаев өз ісінің ерекшелігін  жақсы біледі. Марал мүйізінің түрлі дерттерге дауа  болып табылатын қанын,  сорпасын алудың алғашқы кезеңі – жетілген марал мүйізін кесуден басталады.Шаруа қожалығы  инфрақұрылымды жетілдіру, жол жөндеу жағынан қолдау мен көмек күтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін сатып алады
13:46, 15 тамыз 2019
Мемлекеттік мекемелер Шығыс Қазақстан кәсіпкерлері өнімдерін...
Толығырақ...