ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Өскеменде «Үздік мемлекеттік қызметкер» облыстық байқауының бірінші кезеңі өтті

13:30, 6 маусым 2019

Өскеменде «Үздік мемлекеттік қызметкер» облыстық байқауының бірінші кезеңі өтті. Қатысушылар өздерінің жеке жобаларын таныстырып, келіссөздерден өтті. Байқау жайында толығырақ бейнематериалда. Бұрхан Мұратов мемлекеттік қызметке 2015 жылы келді. Осы аралықта өзін жауапты әрі ұқыпты қызметші ретінде танытты. Биыл Бұрхан үздік мемлекеттік қызметкер атағы үшін байқауға қатысты. Комиссия қарауына ұсынған жобасы да ерекше: мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынасты күшейту арқылы  мемлекеттік органдар жүйесінде қызмет көрсету сапасын жақсартуды енгізуді көздейді. Байқауға бүкіл облыстан өз жобаларын 7 мемлекеттік қызметкер ұсынды. Осының алдында олар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде сынақ тапсырды. Жалпы, байқау мақсаты мемлекеттік қызметтік беделін көтеріп, үздік қызметшілерді анықтау.  Үздіктер арасынан үздік деп танылғандар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар