ШҰҒЫЛ! ЕСІРТКІ САТҚАН БОЙЖЕТКЕН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

13:34, 14 қаңтар 2021

Шығыс Қазақстан облысы бітімгершілік рәсімдерін жүргізу бойынша республикада алдыңғы орында. Өңірде өткен жылы ғана 26 мың 959 істің 5674-і тараптардың татуласуымен аяқталған. Алайда аймақта соңғы кездері ажырасатындардың қатары көбеймесе азаймай тұр. Осы мақсатта Өскеменде татуласу орталығы ашылды. Татуласу орталығының жұмысын бастауы тұрғындарға дау-жанжалдарды бітімгершілік рәсімдері арқылы шешуге мүмкіндік береді дейді сала өкілдері. Аталған орталық сервистік күту, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан тұрады. Мұнда алдағы уақытта бес маман қызмет етеді. Салтанатты жиынға кәсіби медиаторлардан бастап, отбасылық кеңесшілер, қорғаушылар қатысты. Орталықтың салтанатты ашылуының лентасын облыс әкімі Даниал Ахметов қиды. Сала мамандарының айтуынша, соңғы уақытта облыста ажырасу көрсеткіштері жиілеп барады. Мұндай жағдайда бітімгершілік рәсімдерге бағытталған барлық әдістер маңызды. Орталыққа жүгінгендерге психологиялық, құқықтық жағынан көмек көрсетіліп қана қоймай, дауларды шешудің балама жолдары ұсынылады. ШҚО сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев бітімгершілік рәсімдеріне қатысатын тараптардың кездесу уақытын өздері анықтауына мүмкіндік беріліп, дау соттан тыс реттеледі дейді. Өткен жылғы мәлімет бойынша азаматтық істердің 30 пайызы татуласу арқылы шешімін тапқан. Жиналғандар татуласу орталығының биыл  да жақсы нәтиже көрсететіндігіне сенімді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
17:15, 20 қаңтар 2021
ӨСКЕМЕН МЕН РИДДЕРДЕ ҚАНДАЙ КӨШЕЛЕР АУЫСТЫРЫЛАДЫ?
Толығырақ...