Өскеменде су тасқыны кезеңіне дайындық басталып кетті

Қалалық әкімдік, төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті полиция қызметі тиісті шараларды қолға алып, су деңгейі көтерілу қаупі бар деген аумақтарды, соның ішінде саяжайлар кооперативтерін аралады.

21:50, 16 ақпан 2017   390

Тұрғындарды алдын-ала ескертіп, нұсқау берді. 14 ақпан күні берілген ақпаратқа сүйенсек, Өскемен қаласынан шығарылған қар көлемі 284 мын текше метр. Айдың басынан бері «Өскемен – Тәртіп» коммуналдық қызметінің техникасы Камчатская, Братская көшелері мен Бобровка трассалары аумағында тынбай жұмыс істеді. Қардан, мұздан тазартты. Ал қазіргі таңда ақ ұлпа су деңгейі көтерілу қаупі бар аймақтардан шығарылып жатыр.

Өскемен қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға ескерту парақшаларын таратып қана қоймай, төтенше жағдай орын алмас үшін өз аулаларын да  тазарту керектігін айтты.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24