ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ 1 ТАМЫЗДА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

13:30, 7 маусым 2019

Өскеменде «Сергек» жүйесінің камералары алдағы тамыз айында іске қосылады. Мұндай бақылаудың жол апаттарын азайтуға септігі тиеді дейді сала мамандары. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, «Сергек» камералары жұмыс істеп тұрған Нұр-Сұлтан қаласында жол жүру ережесін бұзғандардың айыппұлы төрт есеге өскен. Демек, жүйе өзін-өзі ақтайды. Мұнымен қоса, автосүйер қауым ережелер тәртібіне маңызбен қарайтын болады. Ресми түрде камералар 1 тамызда іске қосылады. Жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі. Мамандардың айтуынша, камералар құқық бұзушылықпен күресуде - сенімді құрал. Облыс әкімі жауапты мекеме басшыларына құқық қорғау органдарын қажетті құралдармен қамтамасыз етуді тапсырды. Яғни, барынша нәтижелі жұмыс істеу үшін планшет сияқты электронды құралдар беріледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
13:52, 10 қыркүйек 2019
Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен педагог мәртебесі
Толығырақ...