ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ ӨЗГЕРІС КӨП

14:18, 21 қыркүйек 2020

Өзендер өрнектеген Өскеменде өзгеріс көп. Қала көшелері жыл өткен сайын кеңейіп, жолдар жөнделіп, аулалар абаттандырылуда. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Целинная көшесінде атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Целинная көшесі жақын күндері жаңа кейіпке енбек. Мұнда жолды орташа жөндеу, жаяу жүргіншілер жолы мен Гагарин Бульварына шығатын жол салу бойынша жұмыстар жүзеге асырылмақ. Аталған жұмыстарды қазан айының соңына қарай аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар Карбышев көшесіндегідей біржақты көлік қозғалысын ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ, қалада аулаларды абаттандыру жұмыстары өзге ауданда да жүзеге асырылуда. Мәселен,  Пермитин 29 мекен-жайындағы үйдің ауласына балаларға арналған алаң орнатылып, көлік тұрағы зонасы мен аулаға кіреберіс кеңейтілді. Осылайша арнайы техниканың қозғалысына кедергі болған мәселе шешімін тапты. Сондай-ақ Жаңа Ахмердегі 5 және 16 үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.  Қазіргі таңда ол жерге тартан жабындысын төсеп, көгал отырғызу жұмыстары ғана қалды. Жаңа Ахмер тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық  жылыту қазандығының қала теңгеріміне берілуі. Себебі бұған дейін 11 үйдің тұрғыны бірақатар  қолайсыздықтармен бетпе-бет келген еді.  Өйткені, қазандық  Қорғаныс министрлігінің теңгерімінде болған. Қала әкімдігінің иелігіне берілгеннен кейін нысандағы жылу жүйелері толықтай алмастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар