Өскеменде өзен суларын тексеруге арналған рейд өтті

Өскеменде өзен суларын тексеруге арналған рейд өтті

21:00, 8 тамыз 2017   325

Биологиялық тексеру өзен суларындағы омыртқасыз жәндіктердің жайын білу арқылы жүргізіледі. Мамандар тек осылай ғана судың жайын анықтаймыз – дейді.

Шығысқазақстандық су мамандары соңғы жылдары аймақтағы өзен сулары тазарып келе жатқанын айтып жеткізді. Мәселен, былтырғы жылы Үлбі өзені екінші сорттағы сулардың қатарына қосылыпты. Оған дейінгі уақытта түрлі қалдық сулардың қосылуына байланысты 3 дәрежелі су болып саналған.
Алдағы уақытта зертеушілер судың құрамы мен тазалығын арнайы зертханада 44 элемент бойынша сараптама жасайды. Органикалық қоспалар мен басқа да темір қалдықтарының бар-жоғы да анықталады. Қортындысын қалдырмай ғаламтор беттерінде жарияламақ ниетті. Өйткені өңірдегі түрлі су қоймаларына барып, демалушыларға қауіпсіз жер туралы ақпаратты тез таратуды көздейді.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24