Өскеменде «MinTech - 2017» көрмесі өтті

21:05, 18 мамыр 2017

Екі күн бойы 9 мемлекеттен жиналған 60-қа жуық компания тау-кен, металлургиялық және энергетикалық құрал-жабдықтары мен технологиялардың соңғы үлгілерін көрсетті.

«MinTech» халықаралық көрмесі жыл сайын Өскеменде өтуі бекер емес. Өйткені, Шығыстың бас шаһарында тау-кен және металлургия өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып саналады. Аталған шараға қатысушылардың айтуынша, бұл өнеркәсіптегі барлық заманауи мүмкіндіктерді көрсететін бірден-бір қолайлы алаң. Сонымен қатар, іскерлік белсенділіктің орталығы, өнеркәсіп иелерінің, ғалымдар мен билік өкілдерінің бетпе-бет кездесу орны деуге болады. Қазақстандық компаниялар «MinTech» көрмесіне жыл сайын белсенді қатысып, серіктестіктің шекарасын кеңейтіп отырады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар