ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҚЫМБАТТАЙ МА? Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ КӨБЕЙДІ МЕ?

14:14, 3 қараша 2020

Қала тұрғындары қоғамдық көліктердің жүрісіне көңілдері толмайтындығын жеткізуде. Оларды ұзақ күткеннен бөлек, автобустар мен шағын автобустардың ішінде әлеуметтік қашықтық сақталмайды дейді. Айта кетейік, жуықта жарияланған облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында қоғамдық көліктердің саны артатыны айтылған-ды. Алайда, тұрғындардың айтар уәжі басқаша. Бұл ұялы телефонға түсірілген бейнематериал жуықта ғана әлеуметтік желіде талқыға түскен еді. Қала тұрғындарының дені қоғамдық көліктердің жүрісі жайлы теріс пікір білдіріп, жағымсыз комментарийлер қалдырған. Жасыратыны жоқ, мұндай сығылысқан халықтың суреті мен бейнежазбалары желіде толып жүр. Амалы құрыған жұрт наразылығын осылайша әлемжеліге салып білдіруде. Қандай да бір әрекет болар деп.

Еске сала кетсек, облыс аумағында қабылданған бас санитардың қаулысына сәйкес көліктер саны көбейеді делінген болатын. 5, 10 емес 20 пайызға көлік саны артты дейді. 300-ге жуық қоғамдық көлік аз көрсеткіш емес. Алайда, тұрғындар бұған келісе алмайтын секілді. Көпшілігі әлі де көлік санын арттыруды, жүру жиіліктерін көбейтуді сұрайды. Әлеуметтік қашықтық сақталмайды тұрғындар сөзінше. Әби Әлменбетов бұл мәселені де шешуге болатынын айтады. Қоғамдық көліктердің жайы шынымен солай ма? Жуықта ғана ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанда болып қайтты. Аймақтағы эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шараларды қабылдауды жүктеген. Соның ішінде қоғамдық көліктердің жүру жиілігін, олардың санын арттыруды тапсырған болатын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
17:17, 12 қаңтар 2021
КАРАНТИННЕН КЕЙІНГІ КӘСІПКЕРЛЕР ЖҰМЫСЫ
Толығырақ...