ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Өскеменде «Қауіпсіз аула» ЖАШ өтті

14:03, 12 тамыз 2019

Облыс орталығында «Қауіпсіз аула» жедел алдын-алу апталығы өтті. 300-ге тарта полиция қызметкерлері, әскерилер Өскеменнің орталық көшелері мен қала сыртындағы қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алды.Шараның мақсаты – қала төңірегіндегі қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп бұзу жағдайында ескерту жасау. Жедел алдын алу апталығы кезеңінде жүздеген адам белгіленбеген орында алкогольді ішімдік ішу үстінде анықталды. Сол сияқты бұзақылыққа барғандар да бар.  Барлығы заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылды.Бүгінгі таңда отбасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы өтуде. Күнделікті өмірде заңға қайшы әрекеттерге бейім, ішімдікке әуес жандар, қолайсыз отбасылар, полиция есебінде тұрған азаматтар, кәмелет жасқа толмағандарға тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексеру ұйымдастырылады.

Тақырып бойынша материалдар

2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
14:00, 23 тамыз 2019
2019 - Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар