ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ӨСКЕМЕНДЕ БҮГІН ТРАМВАЙЛАР ТОҚТАДЫ

17:30, 18 қараша 2020

Бүгін Өскеменде трамвай қозғалысы үш сағатқа тоқтады. Оған Чехов пен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы  түйіспе сымдардың үзілуі себеп болған. Облыс орталығында техникалық жарақтанудан бастап, трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнымен қоса Қазақстаннан Қабанбай батыр, Мызы көшелеріне дейінгі электр желілерінің жүйесі толығымен жаңартылады. Көлік қозғалысын толық тоқтата алмағандықтан  жұмысты атқару біраз қиынға соқпақ. Жаңа тіреулер Екатеринбургтан тапсырыспен әкелінді. Олардың саны 38. Жоба құны 1 млрд-тан астам. Трамвай паркіндегі инфрақұрылымдарды жаңғырту бағдарламасы бес жылға жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...