Өскемен тұрғыны ауаны шаң мен зиянды газдардан тазартатын құрылғы ойлап тапты

Николай Кузьмин 2007 жылы жоба жұмысын аяқтап, 2008 жылы құрылғысын патенттеген. Азамат өзі құрастырған қондырғысын қоғам назарына ұсынуға енді ғана шешкен.

21:22, 9 тамыз 2017   88

Николай Кузьмин өзі ойлап тапқан ауа тазалағыш қондырғысының шағын макетін жұрт көзіне енді ғана көрсетуде. Бұл қондырғы жайында авторы көп ойланған.  Өндірістік тазартқышты жасап шығаруға бір жарым жыл уақытын жұмсапты. Қазір ойлағаны іске асып отыр. Николай Кузьминнің кәсіптік техникалық білімі жоқ. Көп жылдар бойы ол әдебиетті, ғылыми мақалаларды оқып, өндіріс саласы қызметкерлерімен кеңесіп, одан кейін жанындағы жолдастарымен бірге бірегей қондырғыны жинаған. Өнертапқыш арна тілшілеріне қондырғыны қосып, жұмысының механизмін таныстырды.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24