ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Oskemen – open air fest – 2019

14:44, 16 қыркүйек 2019

Өскеменде қала күніне орай, бір апта бойы қызықты мәдени шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі «Oskemen – openair fest – 2019» фестивалі. Салтанатты жиыннан арна тілшілері әзірлеген сюжетке назар аударайық.Өскемен күніне арналған мерекелік концерттер бірден үш алаңда өтті. «Oskemen – open air fest – 2019» азаматтардың сүйікті орны – Комендантка өзені маңында ұйымдастырылды. Биыл аталған демалыс нысаны айтарлықтай өзгерді. Жаңа нысандар бой көтеріп, субұрқақ, балалар алаңы, орындықтар мен веложол салынды. Тұрғындар сазды ән кешті тамашалап, жергілікті лайв-бендтер мен би ұжымдары өнеріне тәнті болды. Одан бөлек, бұл күні флешмоб және қала тарихын танып-білуге арналған ойын викториналары өткізілді. Ауқымды фестиваль ұзақ дайындықты талап етті.  Елдің көңілінде қалатындай етіп номірлерін әзірлеген  «Злато» би ансамблі салтанатты кештен керемет әсер алды. Жаңа алаң мерекелік шаралар өтетін орындар қатарын толықтырды.  Енді онда қала күні сияқты маңызды мейрамдар үнемі ұйымдастырылатын болады. Ауқымды іс-шара бірнеше күнге созылды. Бұл аптадағы басты оқиға – дәстүрге айналған мерекелік от шашу болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар