Өскемен мен Семейдің көше жарығы жаңартылмақ

Шығыс Қазақстанның ірі қалаларында көше жарығы жаңартылады.

20:56, 18 мамыр 2017   43

Жобалардың құны Өскемен қаласы үшін 3 млрд., Семей қаласы үшін  2 млрд. теңгені құрап отыр.  23-24 маусымда Еуропалық қайта құру және даму банкімен несиелік шартқа қол қою  да  жоспарланды. Дәл сол уақытта тағы бір маңызды – Өскемен және Семей қалаларының жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жаңғырту жобасын жүзеге асыру үшін келісім жасалады.  Еуропалық қайта құру және даму банкі мамандарының айтуынша,  жылумен қамтамасыз ету жүйесінің жаңғырту жобасының құны 5 млрд. 2 млн. теңге. Модернизациядан өтетін объектілердің бірі – Меновное кентінің жылу жүйесі. Қаржы аталмыш банктен бөлек республикалық және облыстық бюджеттен де құйылады. Мөлшерлемесі 13% болатын несие 13 жылға берілмек. Жобалар сәтін салса, екі қаланың инфрақұрылымы жақсарып, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сапасы жоғарылап, бюджеттік жүктеме азаяды.  

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24