Өскемен қаласын көркейту жұмыстары басталып кетті

21:25, 11 қыркүйек 2017

Өскемен қаласындағы көп қабатты үйлердің аулалары абаттандырыла бастады.

Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін жалғаспақ. Жоспар бойынша жасалатын жерлердің бірі - 20 ықшам аудандағы үйлердің ауласы. Алдағы бір айдың ішінде адам танымастай болып өзгеру тиіс орындағы атқарылатын істердің барысымен облыс әкімі Даниал Ахметов танысты. Тұрғындармен кездесіп, қаланы өзгерту мақсатындағы жоспарларымен бөлісті.

Жалпы дәл қазіргі есеп бойынша, облыс орталығындағы 1671 көпқабатты үйде 941 аула бар екен. Олардың 311-і абаттандыруды қажет етеді. Бұл мақсаттағы құрылыс жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін 2020 жылға дейінгі уақытқа арналып, арнайы бағдарлама жасалған. Мәселен, 2018 жылы 103 аула жаңартылса, 2019, 2020 жылдары қалған 208 аула абаттандырылмақ. Яғни, тұрғындардың тынығып отыратын орны мен балалардың ойын алаңы салынады. Көлік қоюға арналған тұрақтар да кеңейтіліп, кіріп-шығуларына жол да кедергісіз, әрі ыңғайлы етіліп жөнделеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
15:50, 19 қыркүйек 2017
Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
Толығырақ...
КЕЙБІР ДІНИ САЙТТАР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
21:58, 18 қыркүйек 2017
КЕЙБІР ДІНИ САЙТТАР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕР  ЖЕРГІЛІКТІ  ЖИҺАЗДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
21:02, 18 қыркүйек 2017
МЕКТЕПТЕР ЖЕРГІЛІКТІ ЖИҺАЗДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
15:50, 19 қыркүйек 2017
Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
Толығырақ...
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
13:13, 15 қыркүйек 2017
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Толығырақ...
ШҚО МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
21:32, 14 қыркүйек 2017
ШҚО МЕН ГЕРМАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Толығырақ...