ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Өскемен-299: Бал мейрамы

14:46, 16 қыркүйек 2019

Өскеменнің биыл 299 жылдығы. Қыркүйектің ортасына белгіленген қала Күні жылдағы дәстүрмен «Бал мейрамынан» басталды.  Орталық алаңға әр ауданның омарташылары жиналды. Таңсәріден өнімдерін сөрелерге жайғастырып, жайдары жүзбен тұтынушыларын қарсы алды. Тақырыпты тілшілер сюжеті сабақтайды. «Бал мейрамына» Шығыс Қазақстанның ара шаруашылығын дамытқан аудандары қатысты.  Адмзатқа ежелден мәлім тағамның бағасы, әрине, әртүрлі, бірақ тартынған тұтынушы байқалмады. Верх-Убалық Сергей Демьяненконың жәрмеңке үстелін иемденгені бірінші рет. Әкесінен дарыған мұра. Әзірге  шайлығынан аспайды. Дегенмен үлкен саудада бағын сынамақшы. Жұртқа балдың қасиетін айта бергеннің артық болмасын да ескерген. Шәкіржан Баянов - Үржар ауданындағы әйгілі омарташылар әулетінен. Кәсіпті серік еткеніне - 30 жыл. Аудандық, облыстық және республикалық байқаулардан жүлдесіз қайтпаған азамат.  Өйткені сапалы дәм тіл үйіреді. Арадан алған тәттісін бөшкелеп жеткізген Надежда Парфенова - қан қуалаған омарташы. Келін боп түскен жері де сол тараптан. 40 жыл мол өнім өндіруші ретінде Алтай қаласының атын шығарған жан елге адалдығымен таныс. Алтай ауданының тамылжыған табиғаты бал арасына аса қолайлы. Дайын өнім бүкіл Қазақстанды қамтиды. Ресей мен Германия да дегустациядан өткізген.  Ал кәсібіне қанат бітіргендер ішінде Парфеновтардың табысты шәкірттері аз емес. Күзгі жиын-терімге қарасаңыз, биылғы жылдың шығымы жақсы екендігі көрінеді. Құны - қолжетімді көкөніс-жемістің түр-түрі көз қариды. Тауар туған еліміздікі, тұрған жеріміздікі. Сондықтан сапалы әрі дәмді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар